Қостанайда қалалық білім бөлімі бастығының ұсталғаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды «24KZ».
«НГ» порталының айтуынша, Гүлсім Оразбаеваның ұсталғаны туралы ақпарат кеше, 1 маусымда түскен, бірақ әзірге мемлекеттік органдардың ешқайсысы ақпаратты ресми растаған жоқ. Бүгін Halyqstan Telegram-арнасы қалалық бөлімде тінту жүргені туралы хабарлады.
«Бөлім басшысы Гүлсім Оразбаева мен бірнеше мектеп директорларынан жауап алынды», - деп хабарлайды басылым. Сотқа дейінгі тергеу алаяқтық фактілеріне байланысты болуы мүмкін.
«24KZ» тілшілері де Полиция басқармасы мен прокуратураға хабарласып, жауап ала алмады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қостанай #күдікті #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz