Қостанайда қалалық білім бөлімі бастығының ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Фото: depositphotos.com

Қостанайда қалалық білім бөлімі бастығының ұсталғаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады,  деп хабарлайды «24KZ».

«НГ» порталының айтуынша, Гүлсім Оразбаеваның ұсталғаны туралы ақпарат кеше, 1 маусымда түскен, бірақ әзірге мемлекеттік органдардың ешқайсысы ақпаратты ресми растаған жоқ. Бүгін Halyqstan Telegram-арнасы қалалық бөлімде тінту жүргені туралы хабарлады.

«Бөлім басшысы Гүлсім Оразбаева мен бірнеше мектеп директорларынан жауап алынды», - деп хабарлайды басылым. Сотқа дейінгі тергеу алаяқтық фактілеріне байланысты болуы мүмкін.

«24KZ» тілшілері де Полиция басқармасы мен прокуратураға хабарласып, жауап ала алмады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз