FlyArystan әуе компаниясы Атырау – Батуми – Атырау бағытында жаңа халықаралық рейсті іске қосады, деп хабарлайды «24KZ».
Рейстер 2026 жылғы 14 шілде мен 25 тамыз аралығында әр сейсенбі сайын орындалады.
Билет құны 46 мың теңгеден басталады, жолаушыларға 7 кг-ға дейін қолжүк тегін қарастырылған.
Айта кетейік, бұл – Атыраудан Грузияға ашылған екінші тікелей бағыт. Бұған дейін Кутаиси қаласына рейстер іске қосылған болатын.
Батуми – Қара теңіз жағалауындағы танымал туристік қала.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Батуми #рейс #Грузия #АтырауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz