Атырау тұрғындары үшін Батумиге жол ашылды

Фото: depositphotos.com

FlyArystan әуе компаниясы Атырау – Батуми – Атырау бағытында жаңа халықаралық рейсті іске қосады, деп хабарлайды «24KZ».

Рейстер 2026 жылғы 14 шілде мен 25 тамыз аралығында әр сейсенбі сайын орындалады.

Билет құны 46 мың теңгеден басталады, жолаушыларға 7 кг-ға дейін қолжүк тегін қарастырылған.

Айта кетейік, бұл – Атыраудан Грузияға ашылған екінші тікелей бағыт. Бұған дейін Кутаиси қаласына рейстер іске қосылған болатын.

Батуми – Қара теңіз жағалауындағы танымал туристік қала.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз