RU
Толық нұсқаға өту

Мұрат Әбенов Бибісара Асаубаеваның Туризм және спорт министрлігіне берген жауабын қолдады

11.06.2026, 18:01 61

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның Туризм және спорт министрлігі бұған дейін жариялаған жауапқа қайтарған уәжі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Facebook парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды «24KZ».

 

Оның айтуынша, шахматшының мәлімдемесі оның тек тактикалық күрес жүргізіп қана қоймай, қоғамдық пікірталаста стратегиялық позицияны да шебер құра білетінін көрсетеді. Әбенов Бибісара Асаубаеваның уәждері, әсіресе мемлекет жариялаған зияткерлік ұлтты дамыту бағыты тұрғысынан өте сенімді көрінетінін атап өтті.

 

Не айтамыз? Уәждері өте қисынды. Негізі, оныкі дұрыс: Президент білімді, кітап оқитын, зияткер ұлт қалыптастыруды айтып жатса, қол астындағы министрі шахматты басым спорт түрлерінен сызып тастады. Онымен қоймай, қатесін мойындаудың орнына, сол жаңсақ қадамын негізгі дәлел ретінде алға тартты. Өз қателігіңді көпшілік алдында өзің мойындап қоюды «қосарланған қателік» дейді. Үлкен саясатқа жаңа түскен министрдің бұндай тағы бірнеше сәтсіз жүрісі оның беделіне үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.

Ал Бибісара өзінің тек шахмат тақтасында ғана емес, басқа партиялар үшін де мықты кандидат екенін көрсетті

 Еске сала кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева министрліктің мәлімдемесіне пікір білдіріп, шахмат «басымдық берілмейтін спорт түрлеріне» жатқызылған тұжырымдаманы бірнеше рет қайталап оқып шыққанын айтқан болатын. Спортшы Мемлекет басшысының білім мен зияткерлік дамудың маңыздылығы туралы сөздерін еске салып, әлемде шахмат стратегиялық ойлауды дамыту құралы ретінде қарастырылатынын атап өтті. Толығырақ 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz