Ақтауда аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды «24KZ».
Мамыр айының соңында ҚР ІІМ жүргізген арнайы операция кезінде Ақтау қаласында есірткі тасымалдаған күдікті ер адам ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында гашиш есірткісі салынған төрт пакет тәркіленді, - делінген хабарламада.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы төрт килограмнан асады.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Ақтау #есірткі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz