Ақтауда аса ірі көлемдегі гашиш тәркіленді
Ақтауда аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды «24KZ».
Мамыр айының соңында ҚР ІІМ жүргізген арнайы операция кезінде Ақтау қаласында есірткі тасымалдаған күдікті ер адам ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында гашиш есірткісі салынған төрт пакет тәркіленді, - делінген хабарламада.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы төрт килограмнан асады.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз