Тараздағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені аумағынан бес тонна қоқыс шығарылды.
Экологиялық акцияға 200-ге жуық ерікті мен жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Олар 17 гектар аумақты тұрмыстық қалдықтан тазалады. «Тектұрмас» – Жамбыл облысындағы туристер жиі баратын тарихи орындардың бірі. Сондықтан кешен аумағын таза ұстауға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері жастар ресурстық орталығының белсенділері 500-ге жуық экологиялық шара өткізіп, саябақтар мен қоғамдық орындарды ретке келтірген.
Тегтер #Таза Қазақстан #Тараз #этнотарихи кешенPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz