Қазақстан мен Черногория арасындағы тауар айналымы былтыр 3,212 млн АҚШ долларына жетті.
Импорттың негізгі бөлігі дәрі, сусын, мұнай, пластик бұйымдары және жиһаз. Бұдан бөлек, тазарту-сүзу құралдары, жарықтандыру жабдықтары, автобөлшектер мен киім-кешек бар. Ал Қазақстан Черногорияға астық және ұн экспорттайды.
2021 жылы Астана мен Алматыдан Подгорица қаласына тікелей әуе рейсі ашылған. Содан бері 4 жылда 110 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Былтыр Черногорияға 8 мыңнан астам отандасымыз саяхаттаған. Айта кеткен жөн, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл.
Тегтер #Қазақстан #черногория #тауар айналымы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz