Қазақстан-Черногория тауар айналымы 3,212 млн долларына жетті

Қазақстан мен Черногория арасындағы тауар айналымы былтыр 3,212 млн АҚШ долларына жетті. 

Импорттың негізгі бөлігі дәрі, сусын, мұнай, пластик бұйымдары және жиһаз.  Бұдан бөлек, тазарту-сүзу құралдары, жарықтандыру жабдықтары, автобөлшектер мен киім-кешек бар. Ал Қазақстан Черногорияға астық және ұн экспорттайды.

2021 жылы Астана мен Алматыдан  Подгорица қаласына тікелей әуе рейсі ашылған. Содан бері 4 жылда 110 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Былтыр Черногорияға 8 мыңнан астам отандасымыз саяхаттаған. Айта кеткен жөн, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл.