Астанада «Gov HR Forum-2026» халықаралық форумы өтіп жатыр. Басқосуға бас-аяғы 20 елден 50-ге жуық сарапшы келген.
Дені мемлекеттік басқару мен ІТ саласының мамандары. Қатысушылар мемлекеттік қызметтегі жаңа реформаларды талқылады. Кадрлық саясатты жетілдіру мәселесі де сөз болды. Форумға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жолдады. Оны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай оқып берді. Айта кетейік, елімізде мемлекеттік қызмет толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Бүгінде үміткерлерді іріктеу мерзімі едәуір қысқарды. Сондай-ақ 52 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жасанды жады дағдыларын меңгерді.
Бахрам Халилов, Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік емтихан орталығы төрағасының орынбасары:
- Әрине, базалық білім маңызды. Одан кейін функционалдық және техникалық құзырет қажет. Сондай-ақ коммуникация, көшбасшылық, командада жұмыс істеу алу сұралады. Құндылықтарды да ұмытпағанымыз жөн. Ол - адалдық және ашықтық.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #білім #емтихан #тәжірибеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz