Мемлекеттік басқару саласындағы реформа

Астанада «Gov HR Forum-2026» халықаралық форумы өтіп жатыр. Басқосуға бас-аяғы 20 елден 50-ге жуық сарапшы келген.

Дені мемлекеттік басқару мен ІТ саласының мамандары. Қатысушылар мемлекеттік қызметтегі жаңа реформаларды талқылады. Кадрлық саясатты жетілдіру мәселесі де сөз болды. Форумға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жолдады. Оны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай оқып берді. Айта кетейік, елімізде мемлекеттік қызмет толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Бүгінде үміткерлерді іріктеу мерзімі едәуір қысқарды. Сондай-ақ 52 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жасанды жады дағдыларын меңгерді.

Бахрам Халилов, Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік емтихан орталығы төрағасының орынбасары:

- Әрине, базалық білім маңызды. Одан кейін функционалдық және техникалық құзырет қажет. Сондай-ақ  коммуникация, көшбасшылық, командада жұмыс істеу алу сұралады. Құндылықтарды да ұмытпағанымыз жөн. Ол - адалдық және ашықтық.