RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда екі жолаушы автобусы соқтығысып, алты адам ауруханаға түсті

22.06.2026, 13:07 53

Атырауда жолаушы тасымалдайтын екі автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «24KZ».

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, апат 22 маусымда сағат 08:00 шамасында Амандосов көшесінде болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Yutong маркалы автобустың тежегіш жүйесі істен шыққан. Көлікті тоқтата алмаған жүргізуші жол жиегінде тұрған дәл сондай маркалы басқа автобусқа соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған  алты жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір аталған дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып жатыр, — деп хабарлады полициядан.
Апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz