Елімізде электросамокаттар ресми тіркеліп, оларға арнайы реттік номер беріледі. Оны жалға беретін компаниялар әрқайсысының есебін жүргізуге тиіс.
Дерекқорында самокаттың моделі және шыққан жылы секілді бірқатар мәлімет көрсетіледі. Жаңа норма 1 шілдеден бастап күшіне енгелі отыр. Бұған қоса, енді электрлі құралды 18 жасқа толмағандар пайдалана алмайды. Тиісті талап-міндеттер орындалмаған жағдайда әкімшілік-құқықбұзушылық кодексіндегі баптар бойынша жауапкершілік көзделген. Мұндағы мақсат – самокаттарға қатысты жүйені реттеп, жолдағы қауіпсіздікті арттыру.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #самокат #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz