Электр самокаттарды пайдалану тәртібі қатаңдайды
Елімізде электросамокаттар ресми тіркеліп, оларға арнайы реттік номер беріледі. Оны жалға беретін компаниялар әрқайсысының есебін жүргізуге тиіс.
Дерекқорында самокаттың моделі және шыққан жылы секілді бірқатар мәлімет көрсетіледі. Жаңа норма 1 шілдеден бастап күшіне енгелі отыр. Бұған қоса, енді электрлі құралды 18 жасқа толмағандар пайдалана алмайды. Тиісті талап-міндеттер орындалмаған жағдайда әкімшілік-құқықбұзушылық кодексіндегі баптар бойынша жауапкершілік көзделген. Мұндағы мақсат – самокаттарға қатысты жүйені реттеп, жолдағы қауіпсіздікті арттыру.