Атырау облысында 90 жастағы қарияға қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ».
Әлеуметтік желіде тараған видеода қария өзін байлап қойғанын, тамақ пен су бермегенін айтқан. Оның сөзінше, қол-аяғын скотчпен байлап ұстап отырған, кейін қашып шығып көмек сұраған.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл іске қарияның жақын туыстарының бірі қатысы болуы мүмкін.
Қазір полиция «Ұрып-соғу» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Тергеуге байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, Жетісай ауданында 41 жастағы Алмас Садақбаев туған әкесіне қатыгездік көрсеткені үшін сотталып, 6 жыл 2 айға түрмеге қамалды.
Тегтер #Атырау обл #қария #зорлықзомбылық #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz