Қол-аяғын байлап, тамақ бермеген: Атырауда 90 жастағы қария туыстарынан қорлық көрген

Фото: Видеодан скрин

Атырау облысында 90 жастағы қарияға қатысты зорлық-зомбылық  фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ». 

Әлеуметтік желіде тараған видеода қария өзін байлап қойғанын, тамақ пен су бермегенін айтқан. Оның сөзінше, қол-аяғын скотчпен байлап ұстап отырған, кейін қашып шығып көмек сұраған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл іске қарияның жақын туыстарының бірі қатысы болуы мүмкін. 

Қазір полиция «Ұрып-соғу» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Тергеуге  байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, Жетісай ауданында 41 жастағы Алмас Садақбаев  туған әкесіне қатыгездік көрсеткені үшін сотталып, 6 жыл 2 айға түрмеге қамалды.