RU
Толық нұсқаға өту

Әзербайжан IOFS мүшесі атанды

01.07.2026, 21:21 40

Әзербайжан Республикасы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына мүше болды. 

Салатантты шара Астанадағы штаб-пәтерінде өтті. Онда бауырлас елдің мемлекеттік туы көтерілді. Іс-шараға ұйымның Бас директоры Берік Арын мен Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Ата-моғланов қатысты. Ұйымға мүшелік ету азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады. Сондай-ақ ол Әзербайжанның бірлескен бастамаларға белсенді түрде атсалысуына ықпал етеді.

Берік Арын, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры:

- Бұл елдің қосылуы маңызды қадам, бұл біздің ұйымды күшейтіп қана қоймай, біздің ұйымның да әлеуетін арттыртын болады. Енді Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы өздеріңіз білетіндей Қазақстан бастамасымен құрылған болатын. Сондықтан да мына бауырлас елдің қосылуы мына екі ел арасындағы бауырластық қатынастардың тағы бір куәсі болып табылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz