Қоршаған ортаға залал келтіргені үшін «Қазцинк» компаниясы 60 миллион теңге айыппұл төлейді.
Мамыр айында Өскемендегі мырыш зауытында оқыс оқиға болып, шаң аулаушы сүзгілер істен шыққан. Салдарынан ауаға 3 тоннаға жуық мырыш шаңы таралды. Қазір құрылғы қайта жөнделді. Алайда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зауыттың қуаттылығы 50 пайызға төмендетілді. Биыл өңірдегі ірі өндіріс орындарында 40-тан астам техникалық ақау анықталғандықтан 200 млн-нан астам теңге экологиялық айыппұл төледі.
Фархат Кнасилов, Экология департаментінің бөлім басшысы:
- Ауаға зиянды заттардың таралғаны үшін өндіріс орындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі 60 млн 550 мың теңге болды.
Тегтер #Өндіріс орындары #айыппұл #Заң мен тәртіп #экологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz