Өндіріс орындарына 200 млн теңге экологиялық айыппұл салынды 

Қоршаған ортаға залал келтіргені үшін «Қазцинк» компаниясы 60 миллион теңге айыппұл төлейді.

Мамыр айында Өскемендегі мырыш зауытында оқыс оқиға болып, шаң аулаушы сүзгілер істен шыққан. Салдарынан ауаға 3 тоннаға жуық мырыш шаңы таралды. Қазір құрылғы қайта жөнделді. Алайда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зауыттың қуаттылығы 50 пайызға төмендетілді. Биыл өңірдегі ірі өндіріс орындарында 40-тан астам техникалық ақау анықталғандықтан 200 млн-нан астам теңге экологиялық айыппұл төледі.

Фархат Кнасилов, Экология департаментінің бөлім басшысы:

- Ауаға зиянды заттардың таралғаны үшін өндіріс орындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі 60 млн 550 мың теңге болды.