RU
Толық нұсқаға өту

Теңіздің жағасында жоғалған жігітті іздестіру жалғасып жатыр

09.07.2026, 19:09 31

Каспий теңізінің жағасында із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр.

Жоғалған азамат жетінші шілдеде жағалауға достарымен туған күнін тойлауға барған. Іздестіру-құтқару операциясына құтқарушылар, әскерилер мен шекара қызметінің мамандары және еріктілер жұмылдырылды. Олар жүзу құралдары және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жан-жақты тексеріп жатыр. Сүңгуірлер су түбін шолып шықты. Жоғалған жігіт туралы әзір ешқандай ақпарат жоқ. 

Нұрлыбек Айжарықов, ТЖ департаменті бастығының орынбасары:

-  Іздестіру жұмыстарының қиындығына ауа райының желді болуы мен теңіздегі биік толқындар әсер етуде. Алғашқы күні толқынның қатты болуына байланысты жүзу құралдарын суға түсіре алмадық. Сондықтан сүңгуірлер жағалаудан жұмыс істеді. 2 күн бойы іздеу жұмыстары жүзу құралдарының көмегімен тоқтамай жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz