Теңіздің жағасында жоғалған жігітті іздестіру жалғасып жатыр
Каспий теңізінің жағасында із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр.
Жоғалған азамат жетінші шілдеде жағалауға достарымен туған күнін тойлауға барған. Іздестіру-құтқару операциясына құтқарушылар, әскерилер мен шекара қызметінің мамандары және еріктілер жұмылдырылды. Олар жүзу құралдары және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жан-жақты тексеріп жатыр. Сүңгуірлер су түбін шолып шықты. Жоғалған жігіт туралы әзір ешқандай ақпарат жоқ.
Нұрлыбек Айжарықов, ТЖ департаменті бастығының орынбасары:
- Іздестіру жұмыстарының қиындығына ауа райының желді болуы мен теңіздегі биік толқындар әсер етуде. Алғашқы күні толқынның қатты болуына байланысты жүзу құралдарын суға түсіре алмадық. Сондықтан сүңгуірлер жағалаудан жұмыс істеді. 2 күн бойы іздеу жұмыстары жүзу құралдарының көмегімен тоқтамай жүргізіліп жатыр.