Каспий теңізінде жоғалған 18 жастағы жігіттің денесі бүгін табылды.
Төтенше жағдайлар қызметі іздестіру-құтқару операциясын аяқтады. Құтқарушылар марқұмның денесін Ақтаудан 51 шақырым жерде, жағалаудан шамамен 10 метр қашықтықта тауып, полицияға тапсырды. Еске салайық, бозбала 7 шілдеде Каспий теңізінің жабдықталмаған жағалауында жоғалып кеткен еді. Содан бері төтенше жағдайлар қызметі, сүңгуірлер, әскерилер мен еріктілер іздеу жұмыстарын үздіксіз жүргізді. Теңіз айдыны жүзу құралдары және дронның көмегімен тексерілді.
Тегтер #Каспий теңізі #жігіт #Ақтау #мәйіт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz