Теңізде жоғалған жігіттің мәйіті Ақтаудан 51 шақырым жерден табылды

Каспий теңізінде жоғалған 18 жастағы жігіттің денесі бүгін табылды.

Төтенше жағдайлар қызметі іздестіру-құтқару операциясын аяқтады. Құтқарушылар марқұмның денесін Ақтаудан 51 шақырым жерде, жағалаудан шамамен 10 метр қашықтықта тауып,  полицияға тапсырды. Еске салайық,   бозбала  7 шілдеде Каспий теңізінің жабдықталмаған жағалауында  жоғалып кеткен еді.  Содан бері төтенше жағдайлар қызметі, сүңгуірлер, әскерилер мен еріктілер іздеу жұмыстарын үздіксіз жүргізді. Теңіз айдыны жүзу құралдары және дронның көмегімен тексерілді.