Қарағанды облысында теміржол бойында рұқсат етілмеген аумақтарды кесіп өту тыйылмай тұр.
Биыл Ағадыр – Мойынты шойын жол учаскесінде автокөлік үш рет жолға шығып, соның кесірінен пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Бұған қоса жосықсыз жүрген мал да үлкен мәселеге айналған. Жыл басынан бері қараусыз төрт-түлік, 16 рет темір жол бойына шығып кетті. Ал былтыр осындай 44 жағдай тіркеліп, иелері әкімшілік жазаға тартылды.
Бақтияр Жағыпаров, Көліктегі полиция бөлімшесінің инспекторы:
- Алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар теміржол бойында тұратын тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Мектептерде де түсіндіру және алдын алу іс-шаралары өткізіліп келеді. Сондай-ақ мал иелерінен малдарына мұқият болып, қараусыз жібермеулерін сұраймыз.
Тегтер #теміржол #Тәртіп #Қарағанды облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz