Қарағанды облысында теміржол бойында тәртіп бұзу жиілеген

Қарағанды облысында теміржол бойында рұқсат етілмеген аумақтарды кесіп өту тыйылмай тұр. 

Биыл Ағадыр – Мойынты шойын жол учаскесінде автокөлік үш рет жолға шығып, соның кесірінен пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Бұған қоса жосықсыз жүрген мал да үлкен мәселеге айналған. Жыл басынан бері қараусыз төрт-түлік, 16 рет темір жол бойына шығып кетті. Ал былтыр осындай 44 жағдай тіркеліп, иелері әкімшілік жазаға тартылды.   

Бақтияр Жағыпаров, Көліктегі полиция бөлімшесінің инспекторы:

- Алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар теміржол бойында тұратын тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Мектептерде де түсіндіру және алдын алу іс-шаралары өткізіліп келеді. Сондай-ақ мал иелерінен малдарына мұқият болып, қараусыз жібермеулерін сұраймыз.