Қазақстанда битум өндірісінің көлемі артты. Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектеновке битум зауытының жұмыс барысы таныстырылды.
Мұнда мұнаймен қатар битум өндіріледі. Аталған кен орнындағы мұнай құрамындағы битумдық фракциялардың үлесі 50%-ға дейін жетеді. Зауытта биылдың өзінде 106 мың тонна битум өндірілді. Сондай-ақ кәсіпорында ауа сапасын тәулік бойы бақылау, тазартылған суды қайта пайдалану және энергия тиімділігін арттыру сынды экологиялық шешімдер іске асырылып жатыр. Үкімет басшысы өндірілетін битумның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #битум өндірісі #МаңғыстауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz