Әлеуметтік желіде қаралым үшін қатігездікке барып, донат үшін дөрекілік жасайтындар көбейіп кетті.
Мәселен, жақында шымкенттік бір блогер тікелей эфирде электрошокер қолданып адам ұрласа, тараздық екі жасөспірім контент жинау мақсатында бір-біріне дене жарақатын салған. Алғашқысы 8 тәулікке қамалса, соңғылары айыппұлмен құтылды. Ішкі істер министрлігі Қазақстанда треш-стримдер мен құқыққа қайшы контенттерге заң жүзінде қатаң тыйым салынғанын және заң бұзушылар жауапқа тартылатынын ескертеді. Жат әрекеттерге заң аясында тосқауыл қоюды қоғамның басым бөлігі қолдайды.
Тегтер #Трешстримерлер #жаза #сауалнама #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz