Треш-стримерлер жазалануы қажет. Сауалнама

Әлеуметтік желіде қаралым үшін қатігездікке барып, донат үшін дөрекілік жасайтындар көбейіп кетті. 

Мәселен, жақында шымкенттік бір блогер тікелей эфирде электрошокер қолданып адам ұрласа, тараздық екі жасөспірім контент жинау мақсатында бір-біріне дене жарақатын салған. Алғашқысы 8 тәулікке қамалса, соңғылары айыппұлмен құтылды. Ішкі істер министрлігі Қазақстанда треш-стримдер мен құқыққа қайшы контенттерге заң жүзінде қатаң тыйым салынғанын және заң бұзушылар жауапқа тартылатынын ескертеді. Жат әрекеттерге заң аясында тосқауыл қоюды қоғамның басым бөлігі қолдайды.