Үкімет Ақмола облысындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға қайтарылған активтер есебінен 1,4 млрд теңге бөлді. Қаражат Бурабай ауданы мен Щучинск қаласында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Қатар-көл маңындағы балаларды сауықтыру орталықтарының су құбыры жөнделіп, Щучинскдегі магистральдық желілер мен кәріз жүйесі реконструкцияланады. Жоба нәтижесінде коммуналдық жүйелердің сенімділігі артып, апаттылық деңгейі төмендейді.
Арай Садықов, БУрабай ауданының әкімі:
- 2023-2026 жылдары 10 елді мекенде сумен жабдықтау жобалары жүзеге асырылды. Нәтижесінде 5000-нан астам абонент сапалы ауыз сумен қамтылды. Бүгінде Щучинк ауданы мен Қатаркөл ауылында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға бағытталған 4 жоба іске асырылуда.
Тегтер #Ақмола облысы #Бурабай #су инфрақұрылымы #жаңғырту жұмыстары #ЩучинскPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz