Ақмола облысында су инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
Үкімет Ақмола облысындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға қайтарылған активтер есебінен 1,4 млрд теңге бөлді. Қаражат Бурабай ауданы мен Щучинск қаласында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Қатар-көл маңындағы балаларды сауықтыру орталықтарының су құбыры жөнделіп, Щучинскдегі магистральдық желілер мен кәріз жүйесі реконструкцияланады. Жоба нәтижесінде коммуналдық жүйелердің сенімділігі артып, апаттылық деңгейі төмендейді.
Арай Садықов, БУрабай ауданының әкімі:
- 2023-2026 жылдары 10 елді мекенде сумен жабдықтау жобалары жүзеге асырылды. Нәтижесінде 5000-нан астам абонент сапалы ауыз сумен қамтылды. Бүгінде Щучинк ауданы мен Қатаркөл ауылында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға бағытталған 4 жоба іске асырылуда.