Қазақстанда 19 мыңға жуық адам Абай есімін иеленген, деп хабарлайды 24KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде елімізде Абай есімін иеленген 18 961 адам бар. Бұл есім ең көп таралған өңірлер – Астана қаласы – 2 186 адам, Түркістан облысы – 2 008 адам және Алматы қаласы – 1 740 адам.
Абай есімді ең жасы үлкен қазақстандық 1932 жылы туған. Ал есім иелерінің арасында 30-34 жас аралығындағы азаматтар саны басым – 3 267 адам.
Абай есімі бүгінгі таңда да сұранысқа ие. Тек биылғы жылдың алғашқы жартысында 91 сәбиге Абай есімі берілген.
Дәстүрлі түрде ер адамға қойылатын есім саналғанымен, Қазақстанда Абай есімді 9 әйел де тіркелген.
Сонымен қатар елімізде ақынның шын есімі – Ибраһим, сондай-ақ Ибрагим және Ибрахим нұсқаларын иеленген 37 844 адам тұрады.
Абай есімі еліміздің картасында да кеңінен көрініс тапқан. Қазіргі таңда ұлы ақынның құрметіне 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл аталған.
Айта кетейік, 10 тамыз Қазақстанда Абай күні ретінде аталып өтеді.
Тегтер #Абай #есімдер #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz