ІІМ ведомстволық оқу орындарына талапкерлерді қабылдау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды 24KZ.
ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Сонымен қатар талапкерлер медициналық және психофизиологиялық іріктеуден өтуі тиіс.
ҰБТ-дан 50 балл жинау – ІІМ-нің жоғары оқу орындарына конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін ең төменгі шек. Алайда бұл көрсеткіш талапкердің автоматты түрде оқуға қабылданатынын білдірмейді, – деп хабарлады ІІМ.
Сонымен қатар талапкерлер медициналық және психофизиологиялық іріктеуден өтуі қажет.
Бұдан кейін кандидат белгіленген іріктеу кезеңдерінен өтіп, конкурс нәтижесі бойынша жеткілікті мөлшерде балл жинауы тиіс.
Тегтер #ІІМ #ҰБТ #24жаңалықтар #24KZСондықтан ІІМ оқу орнына түсуге ниетті талапкер үшін мақсат тек 50 балл жинау емес, ҰБТ-дан мүмкіндігінше жоғары нәтиже көрсету және белгіленген іріктеу талаптарына сай болу, – деп атап өтті ведомство.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz