ҰБТ-дан 50 балл жеткіліксіз: ІІМ ведомстволық оқу орындарына түсу тәртібі қандай?
ІІМ ведомстволық оқу орындарына талапкерлерді қабылдау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды 24KZ.
ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Сонымен қатар талапкерлер медициналық және психофизиологиялық іріктеуден өтуі тиіс.
ҰБТ-дан 50 балл жинау – ІІМ-нің жоғары оқу орындарына конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін ең төменгі шек. Алайда бұл көрсеткіш талапкердің автоматты түрде оқуға қабылданатынын білдірмейді, – деп хабарлады ІІМ.
Сонымен қатар талапкерлер медициналық және психофизиологиялық іріктеуден өтуі қажет.
Бұдан кейін кандидат белгіленген іріктеу кезеңдерінен өтіп, конкурс нәтижесі бойынша жеткілікті мөлшерде балл жинауы тиіс.
Сондықтан ІІМ оқу орнына түсуге ниетті талапкер үшін мақсат тек 50 балл жинау емес, ҰБТ-дан мүмкіндігінше жоғары нәтиже көрсету және белгіленген іріктеу талаптарына сай болу, – деп атап өтті ведомство.