Қарағандыда қатты жел кезінде ағаш бұтағы құлап, бес жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».
Оқыс оқиға Әлихан Бөкейхан ауданында болған. Дәрігерлер көмек көрсеткенімен, 5 жасар баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысының полициясы.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қарағанды #ағаш құлады #бала қаза тапты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz