Қарағандыда бұтақ құлап, бес жасар бала қаза тапты
Қарағандыда қатты жел кезінде ағаш бұтағы құлап, бес жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».
Оқыс оқиға Әлихан Бөкейхан ауданында болған. Дәрігерлер көмек көрсеткенімен, 5 жасар баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысының полициясы.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз