RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

OpenAI компаниясы жасөспірімдерге арналған ChatGPT-ді іске қоспақ

19.08.2026, 09:53 30

OpenAI компаниясы 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған ChatGPT-тің арнайы нұсқасын іске қоспады, деп хабарлайды 24KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Жаңа нұсқада ықтимал қауіпті контенттен, соның ішінде өзіне-өзі зиян келтіру, суицид және сексуалдық сипаттағы материалдардан қорғау күшейтіледі.

Чат-бот оқу мен үй тапсырмаларын орындауға да көмектеседі. Алайда ол дайын жауапты бірден ұсынбай, жасөспірімге мәселенің шешімін өз бетінше табуға бағыт-бағдар береді.

Ата-аналар үшін «тыныш сағаттар» режимі мен қауіпсіздік туралы хабарламалар қарастырылған. Ата-ана бақылауын жасөспірім мен ересек адамның келісімі болған жағдайда ғана қосуға болады.

Егер жүйе қолданушының жасы 18-ге толмағанын анықтаса, оны автоматты түрде жасөспірімдерге арналған ChatGPT нұсқасына ауыстырады.

OpenAI өкілдерінің айтуынша, бұл жаңашылдықтың негізгі мақсаты – ата-ана бақылауы қосылмаған жағдайда да жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz