OpenAI компаниясы жасөспірімдерге арналған ChatGPT-ді іске қоспақ
OpenAI компаниясы 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған ChatGPT-тің арнайы нұсқасын іске қоспады, деп хабарлайды 24KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Жаңа нұсқада ықтимал қауіпті контенттен, соның ішінде өзіне-өзі зиян келтіру, суицид және сексуалдық сипаттағы материалдардан қорғау күшейтіледі.
Чат-бот оқу мен үй тапсырмаларын орындауға да көмектеседі. Алайда ол дайын жауапты бірден ұсынбай, жасөспірімге мәселенің шешімін өз бетінше табуға бағыт-бағдар береді.
Ата-аналар үшін «тыныш сағаттар» режимі мен қауіпсіздік туралы хабарламалар қарастырылған. Ата-ана бақылауын жасөспірім мен ересек адамның келісімі болған жағдайда ғана қосуға болады.
Егер жүйе қолданушының жасы 18-ге толмағанын анықтаса, оны автоматты түрде жасөспірімдерге арналған ChatGPT нұсқасына ауыстырады.
OpenAI өкілдерінің айтуынша, бұл жаңашылдықтың негізгі мақсаты – ата-ана бақылауы қосылмаған жағдайда да жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.