Батыс Қазақстан облысында «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)» автожолындағы көпірде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды 24KZ.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, халықаралық маңызы бар KAZ10 «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)» автожолының 247-шақырымында Шаған өзені арқылы өтетін көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 2026 жылғы 22 тамызда сағат 05:00-ден 12:00-ге дейін аталған учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша шектеледі.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Тегтер #Орал #Ақтөбе #жол жөндеу #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz