Ақтөбе – Орал тасжолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

фото: "ҚазАвтоЖол" видеосынан скриншот

Батыс Қазақстан облысында «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)» автожолындағы көпірде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды 24KZ.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, халықаралық маңызы бар KAZ10 «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)» автожолының 247-шақырымында Шаған өзені арқылы өтетін көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 2026 жылғы 22 тамызда сағат 05:00-ден 12:00-ге дейін аталған учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша шектеледі.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.