30 жылдық үзілістен кейін әуе қатынасын қайта жандандыру Арқалық әуежайын жаңғыртудың арқасында мүмкін болды.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізілді. Әуе қатынасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды серпін беріп, Арқалық қаласының көлік қолжетімділігін арттырады, тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, іскерлік байланыстарды дамытуға және инвестициялар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. «Астана – Арқалық – Астана», «Алматы – Арқалық – Алматы» бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет ұшады. Бұдан бөлек, облысішілік субсидияланатын «Қостанай – Арқалық – Қостанай» әуе бағыты іске қосылады.
Тегтер #Астана #Арқалық #әуе қатынасы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz