Астана–Арқалық әуе қатынасы іске қосылды  

30 жылдық үзілістен кейін әуе қатынасын қайта жандандыру Арқалық әуежайын жаңғыртудың арқасында мүмкін болды. 

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізілді. Әуе қатынасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды серпін беріп, Арқалық қаласының көлік қолжетімділігін арттырады, тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, іскерлік байланыстарды дамытуға және инвестициялар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. «Астана – Арқалық – Астана»,  «Алматы – Арқалық – Алматы» бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет ұшады. Бұдан бөлек, облысішілік субсидияланатын «Қостанай – Арқалық – Қостанай» әуе бағыты іске қосылады.