RU
Толық нұсқаға өту
фото: видеодан скриншот

Граната мен пен тапаншалар: Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орын анықталды

24.08.2026, 09:11 44

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Дархан шағынауданында, өзен маңынан қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды 24KZ.

Жасырын орыннан тұтас арсенал табылды. Полицейлер газды тапаншалар, граната, сондай-ақ тегіс ұңғылы мылтықтардың кесінділерін тәркіледі.

Барлық зат тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Мамандар табылған қару мен оқ-дәрілердің шығу тегін, кімге тиесілі екенін, сондай-ақ аталған жасырын орынның қашан және қандай жағдайда жасалғанын анықтауы тиіс, – деді полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz