Граната мен пен тапаншалар: Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орын анықталды
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Дархан шағынауданында, өзен маңынан қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды 24KZ.
Жасырын орыннан тұтас арсенал табылды. Полицейлер газды тапаншалар, граната, сондай-ақ тегіс ұңғылы мылтықтардың кесінділерін тәркіледі.
Барлық зат тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Мамандар табылған қару мен оқ-дәрілердің шығу тегін, кімге тиесілі екенін, сондай-ақ аталған жасырын орынның қашан және қандай жағдайда жасалғанын анықтауы тиіс, – деді полиция.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.