RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Жұмыс берушілер бос орындарды Enbek.kz сайтына 5 күн ішінде жариялауға міндеттелді

31.08.2026, 14:47 18

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бос жұмыс орындарын жариялау және жұмыссыздарды есепке алу тәртібіне қатысты маңызды талаптарды еске салды, деп хабарлайды «24KZ».

Басты жаңалық - жұмыс берушілердің міндеттері күшейтіліп, процестер автоматтандырылып жатыр. Бұдан былай барлық жұмыс берушілер бос жұмыс орны пайда болған кезде оны 5 жұмыс күні ішінде «Enbek.kz» электрондық биржасына орналастыруға тиіс. Ең басты шарт - бұл хабарлама қызметкерді ресми түрде жұмысқа қабылдағанға дейін жариялануы керек.

  • Нарықтағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат бірыңғай цифрлық жүйеде уақытылы жаңартылып отырады. Сонымен қатар, жұмыссыздарды есепке алу процесі толығымен автоматтандырылды — мемлекеттік жүйелердің өзара байланысуы арқасында азаматтың жұмысқа орналасқаны автоматты түрде анықталады.

  • Вакансияларды мерзімінде орналастырмаған немесе қызметкерлердің қысқарылатыны туралы ақпаратты уақытында бермеген жұмыс берушілерге алдымен ескерту жасалады. Егер бұзушылық қайталанса, айыппұл салынады.

  • Жұмыссыз ретінде тіркелген азамат жұмысқа орналасқан жағдайда 5 жұмыс күні ішінде мансап орталығына бұл туралы өзі хабарлауы қажет. Алайдa, азамат хабарлама жібермесе де, жүйе оның жұмысқа тұрғанын автоматты түрде анықтап, жұмыссыздық мәртебесін өзгертеді. 

  • Еңбек министрлігі бұл қадамдар арқылы еңбек нарығын толықтай цифрландыруды және ашықтыққа қол жеткізуді көздейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz