Жұмыс берушілер бос орындарды Enbek.kz сайтына 5 күн ішінде жариялауға міндеттелді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бос жұмыс орындарын жариялау және жұмыссыздарды есепке алу тәртібіне қатысты маңызды талаптарды еске салды, деп хабарлайды «24KZ».
Басты жаңалық - жұмыс берушілердің міндеттері күшейтіліп, процестер автоматтандырылып жатыр. Бұдан былай барлық жұмыс берушілер бос жұмыс орны пайда болған кезде оны 5 жұмыс күні ішінде «Enbek.kz» электрондық биржасына орналастыруға тиіс. Ең басты шарт - бұл хабарлама қызметкерді ресми түрде жұмысқа қабылдағанға дейін жариялануы керек.
-
Нарықтағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат бірыңғай цифрлық жүйеде уақытылы жаңартылып отырады. Сонымен қатар, жұмыссыздарды есепке алу процесі толығымен автоматтандырылды — мемлекеттік жүйелердің өзара байланысуы арқасында азаматтың жұмысқа орналасқаны автоматты түрде анықталады.
-
Вакансияларды мерзімінде орналастырмаған немесе қызметкерлердің қысқарылатыны туралы ақпаратты уақытында бермеген жұмыс берушілерге алдымен ескерту жасалады. Егер бұзушылық қайталанса, айыппұл салынады.
-
Жұмыссыз ретінде тіркелген азамат жұмысқа орналасқан жағдайда 5 жұмыс күні ішінде мансап орталығына бұл туралы өзі хабарлауы қажет. Алайдa, азамат хабарлама жібермесе де, жүйе оның жұмысқа тұрғанын автоматты түрде анықтап, жұмыссыздық мәртебесін өзгертеді.
-
Еңбек министрлігі бұл қадамдар арқылы еңбек нарығын толықтай цифрландыруды және ашықтыққа қол жеткізуді көздейді.