Елде өңдеу өнеркәсібінің үлесі алғаш рет тау-кен өндірісінен асып, экономикадағы үлесі 47 пайызға жуықтады. Қаңтар-шілде айларында өндіріс көлемі 18,8 трлн теңгеге жетті.
Бұл былтырмен салыстырғанда 9 пайызға көп. Өсімнің негізгі драйверлерінің бірі – машина жасау саласы. Жеті айда елде 96 мыңнан астам автокөлік шығарылды. Бұдан бөлек, 84 кәсіпорын іске қосылып, 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Алғашқы жартыжылдықта жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектор арасында 466 млрд теңгеге ұзақ мерзімді келісімдер жасалды.
Тегтер #Хабар 24 #өнеркәсіп #өсімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz