Елде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 9 %-ға өсті

Елде өңдеу өнеркәсібінің үлесі алғаш рет тау-кен өндірісінен асып, экономикадағы үлесі 47 пайызға жуықтады. Қаңтар-шілде айларында өндіріс көлемі 18,8 трлн теңгеге жетті.

Бұл былтырмен салыстырғанда 9 пайызға көп. Өсімнің негізгі драйверлерінің бірі машина жасау саласы. Жеті айда елде 96 мыңнан астам автокөлік шығарылды. Бұдан бөлек, 84 кәсіпорын іске қосылып, 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Алғашқы жартыжылдықта жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектор арасында 466 млрд теңгеге ұзақ мерзімді келісімдер жасалды. 

Сондай-ақ оқыңыз: