5-6 қыркүйек күндері елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Онда Қазақстанның әр өңірінен келген фермерлер мен өндірушілер өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды «24KZ».
Жәрмеңкеден көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырын, тосап пен джемді тиімді бағамен сатып алуға болады.
Іс-шара Keryen Joly сауда орталығының аумағында өтеді. Жәрмеңке екі күн бойы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Келушілер үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #жәрмеңке #АстанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz