Ет, сүт, көкөніс: Астанада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

Фото: gov.kz

5-6 қыркүйек күндері елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Онда Қазақстанның әр өңірінен келген фермерлер мен өндірушілер өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды «24KZ».

Жәрмеңкеден көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырын, тосап пен джемді тиімді бағамен сатып алуға болады.

Іс-шара Keryen Joly сауда орталығының аумағында өтеді. Жәрмеңке екі күн бойы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Келушілер үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: